jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тарихи жеңіс: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында Францияны ойсырата ұтты (фото, видео)

    Семсерлесу
    Фото: Қазақстан Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы

    Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем чемпионатында тарихи қола медаль иеленді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін семсерлесуден ұлттық құрама Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Біздің құрама алғаш рет жартылай финалға шығып, қазіргі әлем чемпионы — Италия құрамасын жеңді.

    Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов финал жолдамасы үшін Токио Олимпиадасының чемпионы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония спортшыларымен шеберлік байқасып, қарсыластарына аз ғана басымдықпен жол беріп қойды.

    Қола жүлде үшін өткен тартысты кездесуде отандық спортшылар тоғыз мәрте Олимпиада чемпионы атанған Франция құрамасымен бақ сынасып, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

    Тарихи жеңіс: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында Францияны ойсырата ұтты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.