jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина алғаш рет WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина мансабында алғаш рет WTA маусымының қорытынды турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен финалдық ойында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін чемпионы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.

    Матч екі сет бойы жалғасып, екіншісі тай-брейкпен аяқталды. Тартысты кездесу нәтижесінде қазақстандық теннисші 6:3, 7:6 (7:0) есебімен жеңіске жетті.

    Рыбакина 13 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. Соболенко 5 эйс жасағанымен, 5 брейк-пойнтты пайдалана алмады. 

    Осылайша, Елена Рыбакина мансабында алғаш рет WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды. Бұған дейін отандық спортшы бұл жарысқа екі мәрте қатысып, топтан шыға алмаған болатын.

    Оған қоса, Рыбакина 1972 жылдан бері аталмыш жарыста чемпион атанған алғашқы азиялық теннисші болды.

    Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина алғаш рет WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.