Елена Рыбакинаның WTA турниріндегі тарихи жеңісінен қанша табыс тапқаны белгілі болды
Опубликовано:
Читать на русском
Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының қорытынды турнирінен кейін 2025 жылғы жүлде қорын кемінде екі есе өсірді, деп хабарлайды WTA деректеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әйелдер арасындағы жеке разряд бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы сенбіде Эр-Риядтағ өткен WTA қорытынды турнирінде алғаш рет чемпион атанды. Ол финалда әлем рейтингісінің көшбасшысы беларусь Арина Соболенконы 6:3, 7:6 (7:0) есебімен жеңді.
Рыбакина топтық кезеңдегі және плей-оффтағы бес кездесуінің барлығында жеңіске жетіп, тек бір сетті қарсыластарына қалдырды. Бұл турнир 26 жастағы ойыншыға 5,2 миллион доллардан астам табыс әкелді (қазіргі бағам бойынша кемінде 2,7 миллиард теңге). Ол 2025 жылы өткен барлық бұған дейінгі турнирден шамамен 3,2 миллион доллар табыс тапқан болатын.
Бұған дейін Рыбакина Францияның Страсбург және Қытайдың Нинбо қалаларында WTA 500 жарысында жеңіске жеткен еді. Қазір оның 11 титулы бар.
Соболенко да финалға дейін Эр-Риядта өткен барлық матчта жеңіске жеткен. Ол турнирден шамамен 2,7 млн доллар (шамамен 1,4 млрд теңге) табыс тапты.
Сауд Арабиясының астанасындағы жарыстың жалпы жүлде қоры 15,5 миллион долларды құрайды (жеке разрядта 12,4 миллион доллар, жұптық разрядта 3,1 миллион доллар).
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2306665-elena-rybakinanyng-wta-turnirindegi-tarihi-zhengisinen-qansha-tabys-tapqany-belgili-boldy/