"Тарихи жеңіс": Бейбарыс Қаблан таеквондодан әлем чемпионы атанды
Опубликовано:
Қазақстандық таеквондошы Бейбарыс Қаблан Кенияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті. Мемлекет басшысы отандық спортшыны тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бейбарыс Қаблан әлем чемипонатында 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады. Отандасымыз финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Джунёнды сенімді түрде жеңіп кетті.
Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.
Қазақстандық таеквондошы финалға дейін төрт кездесу өткізді. Ол Үндістан мен Түркия спортшыларынан басым түсті.
Сондай-ақ Бейбарыс Қабланды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
"Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін", - делінген президенттің құттықтауда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2316126-beibarys-qablan-taekvondodan-alem-chempiony-atandy/