Қазақстандық Батырхан Төлеуғали таеквондодан әлем чемпионы атанды
Опубликовано:
Таеквондодан Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды. Отандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әлем чемпионатында 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Батырхан Төлеуғали барлық қарсыласын артта қалдырып, ел қоржынына алтын медаль түсірді.
Финалда қазақстандық спортшы ирандық Мохаммад Ализадені жеңді.
Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында қазір үш жүлде бар. Бұған дейін Бейбарыс Қаблан чемпион атанса, Тамерлан Тілеулес қола медаль иеленген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2317397-qazaqstandyq-batyrhan-toleugali-taekvondodan-alem-chempiony-atandy/