jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кетті

    Ольга Рыпакова
    Ольга Рыпакова. Фото: olympic.kz

    Қазақстан жеңіл атлетика федерациясында кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының құрметті президенті болып сайланды.

    Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының мүшесі ретінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және шетелдік мамандармен ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстың көлеміне байланысты Ольга Рыпакова федерация президенті қызметінен құрметті президент лауазымына ауысты", - делінген федерация хабарламасында.

    Ол бұған дейін бір жыл бойы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметін атқарды.

    Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметіне "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов тағайындалды.

    Айта кетейік, жеңіл атлетика Қазақстандағы танымал спорт түрлерінің бірі саналады. Қазіргі таңда елімізде бұл спорт түрімен 360 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады.

    Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.