jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тұңғыш қазақстандық: Александр Бублик алғаш рет әлемнің топ-10 теннисші қатарына енді

    Александр Бублик
    Александр Бублик. Фото: Yu Chun Christopher Wong/Eurasia Sport Images/Getty Images

    Қазақстандық теннисші Александр Бублик мансабында алғаш рет әлемнің топ-10 теннисші қатарына енді. Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) маусымның бірінші турнирлерінен кейін жекелей және жұптық сында өнер көрсететін ерлердің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ұйымның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Еліміздің теннис федерациясының мәліметінше, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Гонконг ATP 250 турнирінде топ жарған.

    Қазақстандық теннисші шешуші бәсекеде әлемнің жетінші, осы жарыстың бірінші ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен кім мықтыны анықтаған. 

    Спортшылар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде Бублик жеңіске жеткен. Бұл жолы қазақстандық теннисші 7:6 (7:2), 6:3 есебімен басым түскен.

    Осылайша, мансабындағы тоғызыншы титулын иеленген Александр британиялық Джек Дрэйперді басып озып, әлемдік рейтингте 11-сатыдан 10-сатыға көтеріліп, алғаш рет үздік ондыққа еніп отыр.

    Бұл – Қазақстан үшін айтулы жаңалық. Қазақстанның ерлер теннисі тарихында бұған дейін мұндай жетістік болмаған.

    Рейтингте көш басында испаниялық Карлос Алькарас, екінші орында италиялық Янник Синнер тұр. Үздік үштікті неміс теннисшісі Александр Зверев түйіндеді.

    Айта кетелік, жаңартылған рейтингте Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко нәтижесін жақсартқанымен, алғашқы жүздіктің қатарына енбеген. Ол 104-орында тұр.

    Жұптық сында көшбасшылықты британиялық Ллойд Гласспул сақтап қалған. Ал қазақстандық Бейбіт Жұқаев 367-орында тұр.

    Тұңғыш қазақстандық: Александр Бублик алғаш рет әлемнің топ-10 теннисші қатарына енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.