Париждегі Grand Slam турниріне қатыстын қазақ дзюдошылары белгілі болды
Опубликовано:
Парижде өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайтын дзюдодан ерлер құрамасы белгілі болды. Францияға еліміздің әйелдер құрамасы бармайды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Дирекцияның мәліметінше, 7-8 ақпан аралығында Парижде дзюдодан "Үлкен дулыға" санатындағы 2026 жылдың алғашқы жарысы өтеді.
Бұл бәсекеге қазір 82 мемлекеттен 530 спортшы тіркелген.
Турнирге қатысатын Қазақстан ерлер құрмасы:
- Аман Бақытжан (-60 кг);
- Шерзод Давлатов (-60 кг);
- Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг);
- Бауыржан Нарбаев (-66 кг);
- Есет Қуанов (-73 кг);
- Дастан Шаяхметов (-73 кг);
- Абылайхан Жұбаназар (-81 кг);
- Әділет Алмат (-81 кг);
- Айдар Арапов (-90 кг);
- Марат Байккмуров (-100 кг);
- Нұрлыхан Шархан (-100 кг);
- Ғалымжан Қырықбай (+100 кг).
Парижден кейін Үлкен дулыға турнирін ақпанның аяғында Ташкент қаласы қабылдайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2337057-parizhdegi-grand-slam-turnirine-qatystyn-qazaq-dziudoshylary-belgili-boldy/