Рыбакина алғаш рет Australian Open жарысының жеңімпазы атанды
Опубликовано:
Читать на русском
Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған қазақстандық спортшы финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті. Турнир Мельбурндегі хардкортта өтті.
Финал үш сетке созылып, 6:4, 4:6, 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді. Теннисшілер кортта 2 сағат 18 минут болды.
26 жастағы Рыбакина мансабында алғаш рет Australian Open жарысының жеңімпазы атанды. Бұл оның Үлкен дулыға турнирлеріндегі екінші титулы. Спортшы 2022 жылы Уимблдон турнирінде (көгалда ойнайды) жеңіске жеткен еді.
Ал Соболенко Australian Open финалында екінші рет жеңіліс тапты. Былтыр титулды америкалық Мэдисон Киз жеңіп алса, оған дейін Соболенко екі рет чемпион болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2338051-rybakina-algash-ret-australian-open-zharysynyng-zhengimpazy-atandy/