jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Өскеменде жеңіл атлетикадан халықаралық жарыс өтеді

    Ольга Рыпакова
    Ольга Рыпакова. Фото: olympic.kz

    14 ақпанда Өскеменде Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан XI Халықаралық турнир өтпек. Бұл туралы Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

    2026 жылғы 14 ақпанда Өскемен қаласындағы "Ольга Рыпакова" атындағы жеңіл атлетикалық орталықта Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған XI Халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді.

    Турнирге 11 мемлекеттен 150-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан құрамасының намысын турнирде 89 атлет (41 ер адам және 48 әйел) қорғайды. Қазақстандық спортшылар жарыс бағдарламасының барлық түрі бойынша өнер көрсетеді.

    Қатысушылар тізімінде ұлттық құрамалардың көшбасшылары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері, Азия чемпиондары, Қазақстан Республикасының рекордшылары, сондай-ақ болашағынан үміт күттіретін жасөспірімдер мен жастар бар. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының жетекші спортшылары да қатысады.

    Өскеменде жеңіл атлетикадан халықаралық жарыс өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.