Қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды
Опубликовано:
Қазақстандық Алина Чистякова Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды kazinform.kz.
Отандасымыз құрлықтық біріншілікте бессайыстан қытайлық спортшыларды артта қалдырды
1. Алина Чистякова (Қазақстан) - 4181 ұпай (PB)
2. Сюй Цзяхуань (Қытай) - 4091
3. У Чжэн (Қытай) - 4013.
Айта кетсек, бұған дейін ел құрамасынан Нора Джеруто жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Ол 1500 метр қашықтыққа жүгіруден қола медаль жеңіп алды.
Құрлықтық дода 6-8 ақпан күндері өткізіледі. Оған Asian Athletics құрамына кіретін 24 елдің спортшылары қатысады.
Жарыс бағдарламасына ерлер мен әйелдер арасында 26 спорт түрі енгізілген. Олардың қатарында жүгіру және кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 м эстафетасы, секіру түрлері, ядро серпу және көпсайыс (жетісайыс) бар.
Қазақстан құрамасы чемпионатқа мықты әрі бәсекеге қабілетті құраммен аттанады. Көптеген спортшылар іріктеу нормативтерін сенімді түрде орындады.
Ұлттық құрама көшбасшылары қатарында Давид Ефремов, Ольга Сафронова, Надежда Дубовицкая және Кристина Овчинникова, Нора Джеруто, Мария Ефремова, Михаил Литвин мен Эльнор Мухитдинов, Мария Шувалова мен Милана Зубарева сынды үздіктер бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2340585-qazaqstandyq-sportshy-zhengil-atletikadan-aziia-chempiony-atandy/