jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Головкин Қазақстанда әлем чемпионаты өтетінін мәлімдеді

    Геннадий Головкин
    Геннадий Головкин. Фото: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

    Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин Халықаралық үстел теннисі федерациясының президенті Петра Сёрлингпен кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ҰОК басшысы бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Ол 2027 жылы Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайтынын еске салды.

    "Халықаралық үстел теннисі федерациясының президенті Петра Сёрлингпен кездескеніме қуаныштымын. Кездесу барысында үстел теннисін дамыту мәселелері мен 2027 жылы Қазақстанда өтетін әлем чемпионатына дайындық барысын жан-жақты талқыладық ", - деді Головкин.

    Астанада әлемдегі ең ірі спорттық іс-шаралардың бірі – үстел теннисінен әлем чемпионаты 2027 жылы өтетіні былтыр мәлім болды. Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) бұл шешімі ел тарихында қалмақ.

    Головкин Қазақстанда әлем чемпионаты өтетінін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.