Қазақстандық конькиші халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
Опубликовано:
Алматылық спортшы Евгений Кошкин Нидерландтағы халықаралық турнирде жеңіске жетіп, алтыннан медаль тақты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Евгений Кошкин Нидерландта өткен "Күміс шар" атты конькимен жүгіру спортынан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.
100 метр қашықтықта Кошкин 9,560 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші орын алды.
Жарысқа әртүрлі елден ең мықты деген конькимен жүгірушілер қатысты. Маусымдағы халықаралық жарыстардың бірі саналатын турнир спортшыларды ірі әлемдік жарыстарға дайындауда маңызды алаң ретінде саналады.
Айта кетейік, Евгений Кошкин бұл турнирде қатарынан екінші жыл жеңімпаз атанып отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2353083-qazaqstandyq-konkishi-halyqaralyq-turnirde-altyn-medal-iegeri-atandy/