jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алғаш рет Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sports.kz.

    Рыбакина поляк спортшысы Ига Швентекті екінші орыннан ығыстырды.

    Бұған қазақстандық теннисшінің Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінің жартылай финалына шығуы себеп болды, онда ол америкалық Джессика Пегуланы жеңді.

    Ал Ига Швентек украиналық теннисші Элина Свитолинадан жеңіліп, WTA рейтингінде үшінші орынға түсіп қалды. Енді Рыбакина Свитолинамен кездеседі.

    Қазір Рыбакина 7 523 ұпаймен екінші орында, ал беларусь теннисшісі Арина Соболенко 10 415 ұпаймен көш бастап тұр.

    Еске сала кетейік, Рыбакина екі "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы: ол 2022 жылғы Уимблдон және Australian Open-2026-да жеңіс тұғырына көтерілді.

    Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.