RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Трендтер

Жазғы Азия ойындары - 2023

ХІХ жазғы Азия ойындарынан ең жылдам ақпарат

Жарияланды:

Соңғы жаңарту:

Ханчжоудағы спорт ғимараты

Ханчжоудағы спорт ғимараты: olympic.kz

Ханчжоудағы спорттық шара жаңалықтары KAZ.NUR.KZ-те

"Қасқырдай мінезін көрсетті": белгілі бапкер Қоңқабаевтың Жалоловқа қарсы жекпе-жегіне жоғары баға берді

"Жігіттер үшін жүрек ауыратын жағдай. Қаншама еңбек? Қаншама тер төкті балалар. Біздің жігіттердің қарсыласы өзбек немесе қытай болған жоқ. Біздің жігіттер төрешілермен күресті. Біздің спортшылар барын салды. Қамшыбек бауырымызға риза болдым. Осы жолы Бахадүр Жалоловпен керемет жұдырықтасты. Қасқырдай қайсар мінез көрсетті.

Жазбаның барлығын оқу
"Спорттың арқасында болашақ жарымды кездестірдім": Азиада жеңімпазы Тоқаевты тойына шақырды

Әсем Орынбай президенттің Азиада жүлдегерлерімен кездесуінде сөз сөйлеп, Азия ойындарында бәсекелестік өте жоғары болғанын атап өтті. "Біз қалайда жеңіске жетуіміз керек деп өзімізге мақсат қойдық. Бүгін сол мақсатымызға жетіп отырмыз. Бұл жолда бізбен бірге жаттықтырушылар және спорт саласындағы мамандар тер төкті. Дайындыққа федерация да көп үлес қосты. Сондықтан, бұл біздің ортақ жеңісіміз деп білемін", - дейді Әсем Орынбай.

Жазбаның барлығын оқу
Азиадада топ жарған каратэшілер елге оралды (фото)

Қытайдан жүлделі орындармен оралған спортшылардың қатарында Нұрқанат Әжіқанов, Лаура Әліқұл, Қайсар Алпысбай, Әсел Қанай, Дидар Әмірәлі, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева бар. Оларды жақындары мен жанкүйерлері құшақ жая қарсы алды. Елордада каратэшілерге ерекше құрмет көрсетілді. Жиналған көпшілік спортшыларға сый тарту етіп, естелікке суретке түсіп жатты.

Жазбаның барлығын оқу
Азия ойындарына қатысқан қазақстандық спортшылар елге оралды (видео)

Алматы әуежайында Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарынан елге оралған спортшыларды туыстары, жанкүйерлері мен БАҚ өкілдері қошеметпен қарсы алды. Жиналған көпшілік спорттық додада барын салған отандастарына құрметін көрсетіп, өз алғысын білдіріп жатты.

Жазбаның барлығын оқу
Азия ойындарында медаль алған қазақстандық спортшыларға қандай сыйақы төленеді

Қытайда өткен Азиада нәтижесінде Қазақстан 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль иеленді. № 1345 үкімет қаулысында Азиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері көрсетілген. Оған сәйкес:

Жазбаның барлығын оқу
Азия ойындары аяқталды: Қазақстан медаль саны бойынша қай орында тұр

Қазақстан спортшылары Азия ойындарында 10 алтын, 22 күміс пен 48 қола медаль алды. Жалпы командалық есепте еліміз үздік ондықтың қатарына кіре алмады. Яғни, Қазақстан құрамасы жиыны 80 медальмен 11 орынға тұрақтады.

Жазбаның барлығын оқу
Қазақстан қоржыны Азияда ойындарының соңғы күнінде күміс пен қола медальмен толықты

Каратэден 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер арасында өткен финалдық кездесуде Мөлдір Жаңбырбай күміс медаль алды. Ол финалда Тайбейден келген Шуанг Гуға есе жіберді. Шебер жүзуден Қазақстан командасы қола жүлдеге қол жеткізді. Біздің спортшылар 663.7417 балл жинады. Бірінші орын алған Қытай 868.9676 ұпай еншіледі. Күміс медальді 831.2535 ұпай жинаған жапониялық синхроншылар алды.

Жазбаның барлығын оқу
2
"Асланбек пен Карина үшін соңына дейін күресеміз": Рақышев сотқа шағымданатынын мәлімдеді

"Қазақстан бокс Федерациясы Қытай шаршы алаңында жекпе-жектер ұйымдастырған PBU ұйымына (Париж-2024 Олимпиадасындағы ХОК бокс бойынша жұмыс тобы) сотқа шағымданатынымызды ресми түрде мәлімдеймін. Басты мақсат - Асланбек Шымбергеновке Олимпиада лицензиясын және Карина Ибрагимоваға алтын медалін қайтару", - деді Кеңес Рақышев. Ол боксшыларымыздың құқықтарын қорғауға қатысты шаралар аясында Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитетінің бастамасын толығымен қолдайтынын атап өтті.

Жазбаның барлығын оқу
Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

Артистік жүзуден дуэт бағдарламасы бойынша жарысқа қатысқан 17 жастағы Ясмин Тұяқова менАрина Пушкина 418.6987 ұпаймен қола жүлде қол жеткізді. Бұл сайыста алтын медальді 526.8620 ұпаймен Қытай командасы иеленді. 489.4288 ұпай жинаған жапониялық жұп күміс медаль алды.

Жазбаның барлығын оқу
Азиада-2023: Су добынан ерлер құрамасы Қазақстанға қола сыйлады

Су добынан ерлер бәсекесінде Қазақстан құрамасы 3-орын үшін өткен кездесуде ирандықтарға қарсы шықты. Тартысқа толы матчтің негізгі уақыты 7:7 есебімен аяқталып, буллит сериясында 3:2 есебімен жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Айта кетейік, бұған дейін шахматтан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.

Жазбаның барлығын оқу
jitsu gif