RU

Солтүстік Корея ядролық сынақ өткізсе, жанартаулар атқылауы мүмкін

Солтүстік Кореяның ядролық сынағынан жанартаудан лава шашырауы мүмкін. Оңтүстік Кореяның сейсмологтары осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды 24.kz.

Олардың айтуынша, КХДР өткізген ядролық сынақтар кесірінен Қытаймен шекарадағы Пэктусан жанартауы атқылауы мүмкін. Ғалымдар «осылай болған күнде жанартаудан атқылаған лава 10 шақырым биіктікке шашырауы мүмкін», деп хабарлайды epochtimes.ru.

Пэктусан жанартауы теңіз деңгейінен 2750 метр биіктікте орналасқан. Оның осыған дейін атқылауының қуатты болғаны соншалық, күлінің қалдықтары сонау Жапонияның Хоккайдо аралынан табылыпты.

Жалпы бұл жанартау соңғы рет 1903 жылы атқылаған. Ғалымдардың айтуынша, жанартаудан 116 шақырым жерде өткізіліп жүрген жерасты ядролық сынақтары Пэктусанның магмасына әсер етуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1049679-soltustik-koreya-yadrolyq-synaq-otkizs/