Қазақстанда алғаш рет дарынды балалар жүлдесі табысталады
Жарияланған күні:
2016 ж. 12 желтоқсан күні сағ.: 12:00-де «Қазмедиа холл» концерттік залында алғаш рет республикамыздың дарынды балалары марапатталады. Балапан «Жүлдесін» Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Балапан» телеарнасы ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – республика көлемінде дарынды, талантты балаларды халыққа таныстыру, өзге балаларға үлгі ету.
Әр ата-ана өз баласын мақтан етеді. Сол себепті «жүлдегер» атану үшін «менің балам лайық» деген ата-аналардан 2016 ж. 24 қараша мен 4 желтоқсан аралығында 2 мыңнан астам өтінім келіп түсті. 5 желтоқсан күні білім, спорт және мәдениет саласының білікті мамандарынан құрылған сарапшы топ барлық өтінімді қарап 12 жеңімпазды анықтады.
Жүлде «Балапан Ғалым» (ғылыми жоба авторы, пәндік олимпиада жүлдегері), «Балапан Талант» (әнші, биші, күйші), «Балапан Шебер» (суретші, дизайнер, қолөнер шебері), «Балапан Чемпион» (спортшы), «Бала батыр» (кішкентай қаһарман) аталымдары бойынша тағайындалады.
Байқау шарты бойынша бұл аталымдарға лайық деген 12 жасқа дейінгі бүлдіршіндер белсенділігіне қарай, яғни халықаралық жарыстарға қатысып, жүлдегер болғандар арасынан іріктелді.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан балақайларды марапаттау рәсімі салтанатты концерт түрінде өтеді. Марапатталушылармен бірге шараға барлық үміткерлер де шақырылды. Қатысушылар үшін «Сары кілем» төселді, көптеген мультфильм кейпіндегі аниматорлар оларды залға кіргізеді. Сахнаға ересектермен бірге, өздерімен қатарлас өнерпаздар шығады. Ақерке Сүлейменова, Ержан Максим, Мұхамедәли Жүгүнүсов, Мұхтар Арнұр, Нұрмұхамед Жақып, Санжар Қуантұр, «Бала дауысы» конкурсының жеңімпаздары, «Бала дауысы Украина» конкурсының финалисі Алина Сансызбай «Модерн» тобымен, «Ісмер», «Мәңгілік Ел» балалар хорлары әннен шашу шашады, «Киндер вуги», «Аяқты қимылдат», «Артист», «Шашу», «Шолпан» ансамбльдері, спортшы көркем, әуе гимнастшылар өз өнерлерін ортаға салады. Ересектер оркестрін кішкентай дирижер басқарады. «Жас Ұлан» әскери училищесінің тәлімгерлері де жиналғандарды таң қалдырады. Сонымен қатар, «Рухты ару» балалар өнер мектебі дайындаған киім дефилесі өтеді.
Лауреаттар арнайы Балапан «Жүлдесі» үшін тау сутасынан жасалған стелламен марапатталады. Өтінім тапсырушылар да үйлеріне құр қол қайтпайды. Барлық үміткерге алғыс хаттар табысталады.
*PR құқында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1346692-qazaqstanda-alghash-ret-daryndy-balala/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.