Біріккен Араб Әмірліктеріндегі шалқыған өмір қазақстандықтарды таңғалдырды (фото)
Жарияланған күні:
Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақстандықтар тек демалып қана қоймай онда жұмыс та істейді деп хабарлайды NUR.KZ.
Кейбір қазақстандықтар сауда, туризм немесе қызмет көрсету саласында жұмыс істесе, енді бір қыздар қонақ үйлерде қызметші, жігіттер швейцар болып жалданады.
Сол жақта жұмыс істейтін отандастарымыз өз жұмыстары жайлы айтып берді.
"Ресейдің мұнай компаниясында жұмыс істеймін. Ең қиыны - климатқа үйрену болды. Жаздың кезі күндіз ыстық болатыны соншалық, далаға шықпайсың.
Күні бойы кеңседе немесе желдеткіші бар басқа орында отыруға тура келеді. Сондықтан алғашқы кезде жиі суықтап қалып жүрдім. Дала ыстық, ал мен температурамен жүрмін",- дейді Дәурен есімді жігіт.
"Рамазан айы болған. Бұл айда қоғамдық орындарда тамақ ішуге болмайды. Тамақ ішетін орындардың бәрі жабық болғандықтан, кеңседе тамақ ішуге тура келді. Бір рет машинада тамақ ішіп отырғанмын, сол үшін маған айыппұл салды.
Пәкістандық аула тазалаушы мені ұялы телефонына түсіріп, полицияға көрсетіпті. Нәтижесінде айыппұл төледім. Шағымданушылар бұл үшін мемлекеттен ақша алады екен", - деп ағынан жарылды Марина.
БАӘ-де араб ұлтшылдығы сезіледі. Мысалы, араб әлемінде бұған қатысты қатты иерархия ұстанады.
Бірінші орында араб шығанақтары (БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Бахрейн, Оман, Катар, белгілі бір деңгейде Йеменде) бар, кейіннен Ирак, Сирия, Иордания мен Ливан. Сосын барып араб Магрибтері.
БАӘ-де жоғарғы лауазымды қызметті жергілікті тұрғындар атқарады. Ал, полиция патрулі қызметінде басқа елден келген арабтар, себебі эмираттық араб үшін бұл тозаңды жұмыс.
Төменгі сатыдағы полиция қызметінен египеттіктерді көп кездестіруге болады.
Полиция бастығы айына 10-15 мың доллар алады, ал қарапайым полицей 2-3 мың доллар.
Үйлер мен көшелерді тазалау жұмыстары, басқа да төменгі сатыдағы жұмыстың бәрін Үндістан, Индонезия, Филиппин және Африканың араб емес елдерінің адамдары атқарады.
Елу жыл бұрын ғана Эмираттықтар ешқандай инфрақұрылымы жоқ елде өмір сүрген еді. Бірақ, қазір әлемнің экономикасы мықты елдерінің бірі. Көптеген адамдар Эмираттың экономикасы мұнайда ғана деп ойлайды.
Сексенінші жылдың басында мұнай ЖІӨ 73% құраған, 1998 жылы мұнай көлемі 32%, қазір ол ЖІӨ-нің 7-8% аспайды.
Тағы оқыңыздар:
Айгүл Иманбаеваның Сәбитпен қайта қосылғаны рас па?
Арман Сқабылұлы: Қазақ телевизиясын кілең сайқымазақтар басып алды
Кредит алып омырауын үлкейткен алматылық арудың төсі бір айдан соң солып қалды (фото)
Сағынтаевтың келетінін естіген семейлік шенеуніктер жанталасып көше тазалап жатыр (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1439543-birikken-arab-amirlikterindegi-omir/