Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Африкалық ер адам төрт жастағы жиенінің қанын ішіп, миы мен жүрегін жеген (фото)

Жарияланған күні:

Адам шошырлық оқиға Оңтүстік Африкадағы Кватсила ауылының тұрғындарын дүрліктірді. Төрт жастағы баланы туысқан ағасы сойып жеген деп хабарлайды lazetime.net сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Төрт жастағы Камвелил Нгала достарымен ойнауға шыққаннан кейін үйіне қайтып оралмаған. Кеш батқанда баланың 70 жастағы әжесі — Нонтутузело Гванья оны іздеуге шығады.

Ол немересін іздеп әпкесінің үйіне барса, әпкесі 30 жастағы ұлы Мандисидің  үйінен іздеуге кеңес берген. Сондай-ақ, ұлының "әзәзіл" қолына түскенін айтқан.

Түнгі сағат екіде Нонтутузело әпкесінің ұлы тұратын үйге барады. Ол болса еш қарсылықсыз туысқан апасын үйіне кіргізген. Үйге кірген беттегі Гваньяның айқайынан бүкіл ауыл дүрлігіп, сонда жиналады.

"Мен үй ішінің бәрі қан болғанға, шошқа өлтірген екен деп ойладым. Кейін кішкентай немеремнің саусақтары мен бір тілім еттің жатқанын көрдім. Мандиси баланың денесін жеп қойғанын мойындады. Немерем мұндай өлімге лайық емес еді. Әсіресе өзін қорғап, жақсы көруі тиіс туыс ағасының қолынан өлгеніне сене алар емеспін"—деген тілшілерге Нонтутузело Гванья.

Куәгерлердің айтуынша, бүлдіршіннің сүйектері үстелде, етінің кесектері еденде жатқан. Бас терісі сыпырылған, ал миын кесіп тастаған.  Баланың сүйектері толықтай етінен ажыратылып, бөлме іші қанға боялып жатқан.

Полицейлер адам жегіш азғынды тұтқындады. Мандиси Гванья інісін өлтіргенін мойындап, оның қанын ішіп, жүрегі мен миын жегенін растаған. Ол неліктен мұндай әрекетке барғанын әзірше түсіндірмеді.

Полицияның баспасөз хатшысы, капитан Нозуко Хэндиле, Мандисидің адам өлімі үшін жеті жыл түрмеге отырып, бостандыққа жақында ғана шыққанын мәлімдеген.

Ауыл ақсақалы Мте Салени  қанішер 4 жастағы баланы анашаның әсерінен өлтіруі мүмкін деген болжам айтып отыр.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Павлодарлық полицей жанып жатқан үйден екі адамды алып шықты (фото)

Шенеуніктер бір реттік баннер үшін қыруар қаржы жұмсайтын болып шықты (фото)

15 айға созылған үзілістен кейін Мария Шарапова үлкен тенниске қайта оралды (видео)

Қарағанды облысының әкімі су астында қалған тұрғындарға сәл шыдай тұруға кеңес берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1478200-afrikalyq-er-adam-tort-zhastaghy-zhienin/