Ресейде балалар үйінің директоры жетімдерді зорлауға тапсырма берген
Жарияланған күні:
Ресейдің Санк-Петербург қаласындағы №8 жетімдер үйінің тәрбиеленушілері 2005 жылы мәжбүрлі түрде сексуалды қызмет көрсеткендерін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы «Настоящее Время» сайтына сілтеме жасап.
Осындай мәлімдемеден соң балалар үйінің бұрынғы 5 қызметкері қамауға алынып, тергеу басталды. Тіпті, бала зорлаушылардың бірі тергеу кезінде қылмысын мойындап, бұл іске баруына жетімдер үйінің әкімшісі тапсырма бергенін айтқан.
«2005 жылы менің жасым небәрі 13-те еді. Бізді ең бірінші фотосалонға апарып, қолшатыр, шарды ұстатқызып, суретке түсірді. Бірнеше күннен соң түсірілім барысында шешініңдер деп, құшақтастырып, сүретке түсірді. Осылайша бәрі басталды.
Мен оны жарнама деп жүрсем, порно-ролик екен. Кейін ақы төледі. Егер жалғыз түссең сағатына 500 рубль береді, ал серіктесің болса 1000 рубль. Ол кезде бұл үлкен ақша еді», - деп бар шындықты жайып салды балалар үйінің түлегі.
Педофилдерден зардап шеккен 8 ер бала полицияға шағым жазған. Олардың саны одан да көп болуы мүмкін. Себебі, көп жігіттер кішкене кезінде зорлық құрбаны болғанын айтудан ұялады, қорқады дейді балалар үйінің түлектері.
«Бізді зорлағанның ішінде жетімдер үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі де бар. Покалюк Кирилл Владимировия. Ол «Мечта» деп аталатын әлеуметтік қонақ үйде тәлімгер. Жасы 42-де. Мен осы қылмысты ашық айтқан соң бәрі телефоныма тыным бермей, қорқытуға көшті. Әр қылмыстың өтеуі бар. Бала зорлаған педофильдердің жазасын беретін уақыты енді жетті», - дейді Яков.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Қанат Исламды сынға алғандар танымал блогердің күлкісін келтірді
Полицейді біз өкшелі туфлиімен тепкен қырғыз әншісі соталып кетті
Екі нәрестесі бар келіншек балаларын асырау үшін бүйрегін сатпақшы
Азия бокс конфедерациясы Василий Левитті Дычкомен шатастырып алды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1484389-reseyde-balalar-uyininh-direktory-zhet/