Әйелінің қолын шапқан азамат оған түрмеде хат жазып жіберді (фото)
Жарияланған күні:
Ресейде 26 жастағы Дмитрий Грачев есімді азамат әйелінің қолын шауып тастап, түрмеде оған хат жолдады. Бұл туралы NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Зардап шегуші Маргарита Шейкинаның айтуынша, бұрынғы күйеуі оған түрмеде хат жазып, таныстары арқылы хатты жіберіп отырған.
Хатында өзін күтуін, кешіруін және ажырасу туралы шағымын кері қайтаруын талап еткен азамат, өйтпеген жағдайда оны өлтіретінін айтып, қоқан-лоққы көрсетіпті.
"Ол өзінің ауру екенін мойындаттыру үшін әдейі осылай істеп отыр. Не болмаса мені расымен тек аздап жазаладым деп ойлап, бақытты отбасын қайта құрудан үмітті", - дейді Шейкина.
Әйел күйеуі қолын шапқан сәтінде түк болмағандай кейіп танытқанын есіне алды.
Қайғылы жағдай 11 желтоқсан күні болған. Қызғаншақ азамат 25 жастағы әйелі көзіне шөп салды деген оймен оны орманға алып барған. Ол бір жарым сағат бойы әйелінің саусақтары мен қолын біртіндеп шауып отырыпты.
Ол құрбаны көп қан жоғалтпас үшін шауып тастаған жерлерін таңып қойып отырған. Содан кейін әйелін өзі емханаға алып барады.
Дәрігерлер зардап шегушінің тек сол қолын қайта тігіп бере алған. Ерлі-зайыптылардың бес жыл некеде болғаны және 3-4 жастағы екі баласы бары анықталды.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1711800-jelini-kolyn-sapkan-azamat-ogan-trmede-hat-zazyp-ziberdi-foto/