Ислам Кәрімовтың қызы әкесіне жан тебірентерлік хат жазды
Жарияланған күні:
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімов тірі болғанда 30 қаңтар күні 80 жасқа толар еді. Оның туған күнінде кіші қызы Лола Каримова өзінің Facebook парақшасында әкесіне жан тебірентерлік хат жазды деп хабарлайды NUR.KZ.
"Мен сізді тағы да түсімде көрдім. Сіз менің түсіме жиі кіресіз. Мен ояна сала өзімді жаңа ғана сіздің жаныңызда болғандай сезінемін. Сіз әлі тірі жүргендей сезімде боламын. Әдеттегідей сізді құшақтап, иығыңызға асыламын. Бетіңізден сүйіп, сіздің жылулығыңызды сезінемін. Сізді өте қатты сағындым.. Бір жыл бұрын сіздің жұмыс бөлмеңізде болғанымда өз қолыңызбен жазған хатыңызды көріп, өзіммен бірге алып кеткенмін. Жақында менің сізге қатты ұқсайтын София атты қызым алты жасқа толды. Ол сіздің хатыңыз салынған жәшікті ашқан еді, екеуміз әбден жылап алдық. Қызым біраз уақыт басын көтерместен жылап отырды. Бір уақытта маған қарап: "Атамның бейітіне барғым келеді. Ол бізді күтіп жатыр" деді.
Кей себептермен біз қазір Самарқандтамыз. Бірақ сіз өзіңіздің жаңа, әдемі мекеніңізде, сүйікті қалаңызда жақсы көрген халқыңызды, бала-шағаңызды күтіп жатқаныңызды білеміз.
... мен сізді түсімде тағы көрдім, сізді тірі деп ойладым... Мен өңімде сізге жақындап, бетіңізден сүйе алмаймын. Бірақ сіздің жаныңызбен маған қалай жақындайтыныңызды сеземін. Сіз көзге көрінбесеңіз де үнемі менің жанымда жүресіз. Мен мұны сеземін - мен мұны білемін...", - деп жазады Лола.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1714556-islam-krimovty-kyzy-kesine-zan-tebirenterlik-hat-zazdy/