Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрікменстанда пәктігі табылмаған қыздарды бүкіл мектепке масқаралап жатыр

Жарияланған күні:

Түрікменстандағы қала мектептері мен тағы бірқатар аудан орталықтарында дәрігерлер мен полицейлер оқушылардың телефондарынан порнографиялық видео және фото іздеп, қыздардың пәктігін тексеруде деп хабарлайы centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Түрікменстанның солтүстігінде өткен аптада ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері, полицияның қызметкерлері мен дәрігерлер алдын ала ескертусіз сабаққа келіп, жоғарғы сынып оқушыларының телефондарын жинап алып, ондағы файлдарды тексерген.

Мұндай тексеріске облыс әкімінің білім және мәдениет жөніндегі орынбасары тапсырма берген, деп хабарлады Азатлык дереккөзі.

"Тексеруге келгендер барлығымыздың телефондарымызды жинап алды. Олар не тексеретінін түсіндіріп жатпады. Бірақ кейін олар порнографиялық файлдар іздегенін айтты. Оқушылардың барлығынан дерлік мұндай файлдар табылды", — дейді ауданындағы орта мектеп оқушысы.

Оның айтуынша, порнографиялық файлдар табылған соң мобильді телефондарын алып қойып, мектеп оқушыларымен ата-аналармен бірге әңгімелескен.

"Жоғарғы сыныптағы қыздарды бір сызыққа тұрғызып қойып, мектеп медпунктінде тексерген. Пәктігі табылмаған қыздардың шешелерін шақыртып, бүкіл мектепке масқаралаған. Осы тексеруден соң мектеп директорын жұмыстан шығарды", — деді дереккөз.

Дереккөздің аудандық полиция қызметкерінің айтуынша, мектеп жасындағы қыздардың жезөкшелікке салынуы жиілеп кетуіне байланысты осындай тексеру жүргізілген.

Оның сөзінше, "тексеру осындай мәселемен күресу үшін жасалыпты".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1715593-trikmenstanda-pktigi-tabylmagan-kyzdardy-bkil-mektepke-maskaralap-zatyr/