RU

Ата-анасы қалдырып кеткен бес жасар қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды

5 ақпан күні Өзбекстанның Ферғана облысындағы Полосон ауылында қайғылы оқиға болды. Бар болғаны бес жастағы бүлдіршін жұмбақ жағдайда көз жұмды деп хабарлайды Centralasian.org қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ата-анасы қалдырып кеткен бес жасар қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды
Ата-анасы қалдырып кеткен бес жасар қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды: UGC

Балабақшадан ешкім алып кетпегендіктен, тәрбиеші қыз баланы басқаларға қосып, үйіне жіберіпті.

Кешкісін оның өлі денесі балабақшадан бір шақырым жерден табылған.

5 жастағы қыздың туысқанының сөзінше, баланың оң жақ қабырғасы сынып, кейбір дене мүшелері бөлшектеліп қалыпты.

№6 балабақша тәрбиешісінің айтуынша, кішкентай Кибриёнің ата-анасы былтыр тамыз айында жұмыс істеуге Түркияға кеткен. Баланы әжесіне тастап кетіпті.

"Олар балабақша маңында тұрады. Кейін қыздың үйіне бармағанын естіп, барлық жерді іздедік. Балалардың айтуынша, балабақша алдында оларды велосипедте бір ер адам күтіп алған. Ол балаларға кәмпит әперемін деген. Балалар балабақшадан ұзап кеткенде, ол Кибриёні алып, кәмпитке кеттік деп, содан қайтып оралмаған. Кешкісін Кибриё өлі күйінде табылды", – дейді балабақша қызметкері.

Прокуратура бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, күдікті ер адамды ұстаған.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөзге қарағанда, сараптама кезінде баланың денесінде зорланған белгі болмаған. Сонымен бірге дене мүшелері де алынбаған.

Тергеушілердің болжамынша, қызды пойыз қағып кетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1715717-ata-anasy-kaldyryp-ketken-bes-zasar-kyz-zmbak-zagdajda-kz-zmdy/