Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамптың бала-шағасын жаттықтырған қазақ бапкері туралы не білеміз?

Опубликовано:

АҚШ-та Дональд Трамптың компаниясында алты жыл атлетик-директор болып жұмыс істеген Бауыр Кәріпов президенттің жақындарын жаттықтырғаны утралы айтып берді деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Трамптың бала-шағасын жаттықтырған қазақ бапкері туралы не білеміз?
Трамптың бала-шағасын жаттықтырған қазақ бапкері туралы не білеміз?: UGC

Кикбоксингпен, басқа да жекпе-жек, әскери өнерді жетік меңгерген ол Америка жерінде бір-екі рет киноға да түсіп үлгеріпті. Әйтсе де, кино өнерін жатсынып, бапкерлікті жөн көрген.

Оның жұмысына риза болған клиенттерінің бірі Майкл Джексонға Бауырмен жаттығу жасауға ұсыныс жасапты. Өкінішке орай, Майкл Джексон қара терге малынып, шынығудың орнына, осы залдағы би және массаждан шықпай қойған.

Дональд Трамп өзінің таныс құрбысынан Бауыр Кәріпов туралы естіп, өзінің фитнес-залына аттай қалап алдырған көрінеді. Дональд Трамп гольфті жақсы көргендіктен, фитнес залға бас сұға қоймапты.

Есесіне, қазақ бапкер оның әйелі Иванка Трамп пен оның қыздарының және шешесінің бапкері болған.

«Дональд Трамп – өте еңбекқор, өз елінің нағыз патриоты, қол астындағы қызметкерлеріне жайлы», – дейді Бауыр Кәріпов.

Лифтінің алдында жолығып қалғанда Трамп оққағарларына қарата: «Бауыр ма, бұл! Тезірек өткізіп жіберіңдер, мұның өзі қару ғой!», – деп қалжыңдайды екен.

Айтуына қарағанда, Бауыр Кәріповтің кеудесінде туған жерге, домбыраның үніне, ана тіліне деген сағыныш кернеп, 10 жыл бұрын Нью-Йорктегі жұмысын тастап, отанына оралған. Қазір Алматы қаласында тұрып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1720513-trampty-bala-sagasyn-zattyktyrgan-kazak-bapkeri-turaly-ne-bilemiz/

pixel