Ерлі-зайыптылар тұрмысқа шығудан бас тартқан қызын аяусыз сабап тастады
Опубликовано:
Америкадағы Техас штатының тұрғындары өзінің 16 жастағы қыздарын үйленуге мәжбүрлеген. Айтқандарын орындағысы келмеген қызды олар аяусыз соққы астына алып, үстіне ыстық май шашып жіберді деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

16 жастағы Аль-Хишмави бір жыл бойы туған ата-анасы тарапынан үлкен қысым көрген. Оған қыз баланың тұрмысқа шығуға көнбестігі себепші болса керек.
Белгілі болғандай, оның болашақ күйеуі қыздың ата-анасына алдын ала 20 мың доллар көлеміндегі қаражатты төлеп қойған. Алайда, Аль-Хишмави өзі тіпті танымайтын адамның жары болудан бас тартып, ата-анасының ашуына тиді.
Ирактық жұбайлар айтқандарына көнбеген қыздарын жөнге келтірмек болып, оны аяусыз соққыға жықты. Оның үстіне қылқындырып, үстіне ыстық май шашып жіберген.
Мұндай қорлыққа шыдамаған Аль-Хишмави үйінен қашып кетті. Өзінің жантүршігерлік оқиғасын ол тәртіп сақшыларына өзі барып айтып берген.
Нәтижесінде, ерлі-зайыптылар қамауға алынып, біраз уақыттан кейін 30 мың доллар кепілдік төлеп бостандыққа шыққан. Полицейлердің айтуынша, бойжеткеннің күйеуі болғысы келген ер жігіт өз жазасын міндетті түрде алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1723299-erli-zajyptylar-trmyska-sygudan-bas-tartkan-kyzyn-aausyz-sabap-tastady/