RU

Ішімдікке тойып алған турист қыз полицейдің бетін тістеп тастады

Дубайда араққа тойып алған ресейлік азаматша тәртіп сақшысын тістелеп, полицей көлігінің терезесін сындырып тастаған. Оқиға ақпан айында орын алды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Полиция бөліміне қонақ үй алдында екі турист бойжеткеннің төбелесіп жатқаны жайлы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары заң бұзушыларға кісен сала бергенде, 24 жастағы орыс қыз полицей әйелдің бетін оңдырмай тістеп алған көрінеді.

Ақырында кісен тағып көлікке отырғыза бергенде, ресейлік турист машинаның терезесін басымен соғып, оны сындырып тастаған.

Ресейлік бойжеткен 3 сәуір күні сот алдына келіп, өз кінәсін мойындаған. Оған қоса, бұл әрекетін ол қатты мас болып қалғанымен түсіндірді. Алайда, полицей әйелді тістегенін турист мүлдем жоққа шығарды. Сот үкімі оған 29-ші сәуір күні бірақ шықпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1724880-isimdikke-tojyp-algan-turist-kyz-policejdi-betin-tistep-tastady/