Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасы 13 жасар қызын зорлап, күйеуге шығуға мәжбүрлеген

Жарияланған күні:

Америкада анасы 13 жастағы қызын зорлап, күйеуге шығуға мәжбүрлеген деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Анасы 13 жасар қызын зорлап, күйеуге шығуға мәжбүрлеген. Фото: Новости N
Анасы 13 жасар қызын зорлап, күйеуге шығуға мәжбүрлеген. Фото:Новости N: UGC

Анасы 13 жасар қызын әлеуметтік желі арқылы танысқан бозбалаға күштеп қосқан. Басынан өткен оқиғасын Энджел Макги бірнеше жылдан соң өзі баяндап берді.

«Анам бізді туғанда тіпті куәлік те алмаған. Соның кесірінен біз мектепке де бармадық. Үйде білім алдық. Мен тек көбейту кестесін білетінмін. Осы себепті алғашқы балам өмірге келгенде де, құжат дайындай алмадым», - деп оқиғасын бастады ол.

«Анам мені 13-ке толғанда әлеуметтік желі арқылы танысқан 16 жасар жігітпен үйлендірді. Барлығын өзі ұйымдастырды. Маған ең арзан ақ көйлек, оған ақ түсті смокинг таңдады. Содан-соң біздің үйде некелесу рәсімін өткіздік. Ал жыныстық қатынасқа түсу туралы мүлде білмейтінмін. Менің ағаларым әзілдеп «Қарындасымызды қатты қинама» деді. Ал мен ештеңе түсінбедім. Сонымен 13 жасымда неке түнім өтті. Күйеуім бір дүкенде сатушы болып қызмет жасайтын. Ол тойдан соң ашуланшақ болып кетті. Мені ұратын. Оған қоса анам да сабап алатын. Осылай таяқ жеп жүріп, мен үш баланы өмірге алып келдім», - деп өткенін есіне алды Энджел.

«Осыдан төрт жыл бұрын аналар құқығын қорғайтын орталық барын білдім. Сол жерге жазылып, өзіммен тағдырлас адамдармен араласа бастадым. Бүгінде күйеуімді әлімжеттік жасағаны үшін үй қамаққа алды. Одан кейін оны көрмедім. Қазір кәмелетке толмай, тұрмысқа шыққан қыздардың құқығын қорғаумен айналысып жүрмін», - деді ол.

Энджел Макги бүгінде екінші рет тұрмыс құрған. Тағы екі сәбиді өмірге алып келген ол отбасылық бақытты енді сезінгенін айтады.

Айта кетейік, Американың 50 штатында «балалар некесі» заңды түрде енгізілген екен. Ал кейбір аймақтарда 18 жасқа дейін некелеспеу шарты бар болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1725009-anasy-13-zasar-kyzyn-zorlap-kjeuge-syguga-mzbrlegen/