Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

26 жастағы әйел байып кеткен бұрынғы сүйіктісі үшін отбасын тастап кетті

Опубликовано:

Ресейдегі Новосибирск қаласының тұрғыны Анна өзінің отбасылы екеніне қарамастан бұрынғы ғашығымен көңіл қосты. Кенеттен қомақты қаржыға кенелген ер адам үшін ол күйеуімен ұлын тастап кеткен деп хабарлайды news24-day.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: news24-day.ru
Фото: news24-day.ru: UGC

Өзінің бұл қылығын Анна бұрынғы сүйіктісі сертінде тұрғандықтан жасағанымен түсіндірді.

26 жастағы Артем Шавкунов күні кеше ғана қарызға белшеден батып, материалдық тұрғысынан қатты қиыншылық көрген. Оның үстіне өмірлік махаббаты Анна да одан кетуді ұйғарды.

Тағдыр талқысына түскен жігіт алдағы жылда материалдық жағдайын елеулі түрде көтеріп, қалай болса да сүйіктісін қайтарып алуға шешім қабылдайды.

Артем мақсатына қол жеткізу үшін күш салып жатқанда, Анна тұрмысқа шығып ана атанып үлгереді.

Араға бір жыл салып, Артем дегеніне жеткен. Ерең еңбек еткен 26 жастағы жігіт қомақты қаржы жинап, біраз байлыққа кенелді. Алға қойған мақсатына қол жеткізген ол Аннаға хабарласып, оны кездесуге шақырған.

Фото: news24-day.ru
Фото: news24-day.ru: UGC

Нәтижесінде, бұрынғы ғашықтар әлі де бір-бірін сүйетінін түсініп қайта қосылуға бел буды. Олардың шешіміне Аннаның тұрмыстағы әйел екені де кедергі болмай қалған. Артем Аннамен қоса оның баласын да қабылдауға дайын екенін айтты.

Қазіргі таңда, Анна күйеуімен заңды түрде ажырасып, одан баланы тартып алмақшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1728510-26-zastagy-jel-bajyp-ketken-bryngy-sjiktisi-sin-otbasyn-tastap-ketti/

pixel