Екі жасар бала көлікпен өз анасын қағып өлтірді (фото)
Опубликовано:
28 жастағы Кирстен Раэйн Пирсонды өзінің екі жасар ұлы кездейсоқ жағдайды өлтіріп қойды. Сәби көлікті оталдырып жіберіп, анасын қағып кеткен деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайғылы оқиға АҚШ-тың Алабама штатында болған. Кристен көкірек тұсынан ауыр соққы алыпты. Көлік қаға салысымен әйелді дереу ауруханаға жеткізген. Алайда жолда оның халі нашарлап, клиникаға жетпей-ақ көз жұмады.
Кішкентай сәбиді бағу енді ата-әжесінің жауапкершілігіне жүктелді. Зейнеткерлер өзінің Facebook парақшасында немерелерін болған іске кінәламай, оған барынша қамқорлық танытатынын жазған.

"Құдайым, маған мына ауыр жағдайды ұмытып, сәбиді аман-есен өсіруге күш бер. Мен өзімнің ең жақын досым, сүйенішім әррі қызымды жоғалттым", - дейді Кристеннің анасы Дебби.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1728645-eki-zasar-bala-klikpen-z-anasyn-kagyp-ltirdi-foto/