Көйлек киюге ұялмайтын танымал азаматтар туралы не білеміз? (фото)
Жарияланған күні:
Ер азаматтар әдетте арулардың киімін ұнатса да, оны киіп көруге ұялады. Бірақ олардың арасында еш қысылмастан көйлек киіп, аса танымалдылыққа ие болғандары да бар екен. Олар туралы мәлімет Вконтакте желісінде жарияланған деп жазады NUR.KZ.
Курт Кобейн
Сән әлеміндегі шектеусіз таңдауддың үлгісін көрсеткен Nirvana тобы болды. 90 жылдардағы сән 70-жылдардың киімін қайта жаңартты. Халықта киім алатын ақша болмағандықтан, үлкендерден қалған киімді киюге мәжбүр болды.
Курт қыздарша киініп қанаи қоймай, оған үйлесімді көзәйнек тағып, өзін нәзік етіп көрсетуге тырысқан.
Брайан Молко
90-жылдардың тағы бір жұлдызы әйелдің киімдері арқылы танымалдылығын арттырған. Placebo тобының әншісі түрл көйлектер мен юбкалар кигенді ұнатқан.
Мик Джаггер
1969 жылы The Rolling Stones тобының әншісі Мик Джаггер концертте ән айту үшін ақ көйлек киіп шыққан. Оны көпшілік жылы қабылдап, англиялық Шелли, Байрон немесе Китс сияқты қиялшыл ақындарға ұқсатты.
Дэвид Боуи
Дэвид Боуи ер азаматтың да, әйелдің де киімін қатар киіп жүретінімен ерекшеленді. Ол биік өкшелі аяқ киімді қатты ұнатады екен.
Брэд Питт
Брэд Питтің де қыздар киіміне құмартатынын көпшілік біле бермейді. Бір кездері ол арандатушылық фотосессияда көйлектер киіп түскен.
Игги Поп
"Мен көйлек кигенде өзімді мүлдем ыңғайсыз сезінбеймін. Сондықтан әйел болудың еш ұяты жоқ деп ойлаймын", - дейді ол.
Марк Джейкобс
Танымал дизайнер Марк Джейкобс түрлі жейделердә юбкамен кигенді ұнатады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1731639-kjlek-kiuge-almajtyn-tanymal-azamattar-turaly-ne-bilemiz-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.