jitsu gif
Оқыс оқиға

    Душта құлап қалған мүгедек 6 сағат қайнаған су астында жатып қайтыс болды (фото)

    : UGC

    79 жастағы мүгедек душ қабылдап тұрып, кранға қолы тиіп құлап қалады. Алайда оны ешкім көрмегендіктен, зейнеткер алты сағат бойы қайнаған су астында жатыпты. Нәтижесінде Алан Павитт Лондондағы ауруханада ес жимастан мерт болған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: Life.ru
    Фото: Life.ru: UGC

    Ауруды күтуші оған таңғы сағат 10-да келуі керек болған. Бірақ ол жұмысына кешігіп келіп, пәтерде Аланды көрмегендіктен, оны серуендеуге кетті деп ойлапты. Әйелдің айтуынша, ол сыртқа қайта шығып, сағат 14:00-де үйге қайта кіреді. Жуынатын бөлмеге барып, Аланның ыстық су астында ес-түзсіз жатқанын байқапты.

    Фото: Life.ru
    Фото: Life.ru: UGC

    Шошып кеткен әйел жедел-жәрдемге хабарласып, көмек сұраған. Алайда ол зейнеткердің жағдайы қаншалықты ауыр екенін түсіндіре алмағандықтан, медициналық көмек күндізгі төрт шамасында бір-ақ келеді.

    Фото: Life.ru
    Фото: Life.ru: UGC

    Жүрегінен инсульт алып, арбаға таңылған азамат күйіктің кесірінен ауруханада тоғыз күн жатып қайтыс болды.

    "Біз ауруханаға келіп жеткенде Алан өлім аузында жатты. Оның аяғының күйіп қалғаны соншалық, тіпті терісі де қалмапты. Ыстықты ұзақ уақыт жатып, денесінде көп су жоғалтқан", - дейді Аланның 43 жастағы келіні Шелли Павитт.

    Фото: Life.ru
    Фото: Life.ru: UGC

    Енді марқұмның жақындары Аланның өліміне күтуші әйелді кінәлап, басқаларға сабақ болуы үшін оның жазаланғанын қалап отыр.

    Душта құлап қалған мүгедек 6 сағат қайнаған су астында жатып қайтыс болды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.