Бар ақшасын қайырымдылыққа жұмсаған миллионер жігіт қайтыс болды
Опубликовано:
Австралиялық миллионер Али Бинатқа үш жыл бұрын дәрігерлер қатерлі ісік диагнозын қойған. Осыдан кейін бар табысын қайырымдылыққа жұмсаған жігіт 29 мамыр күні көз жұмды. Бұл туралы onedio.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Дәрігерлер Алиге диагноз қойғанда, оның жеті айдан артық өмір сүрмейтінін мәлім еткен. Алайда азамат бұл мерзімді үш жылдай уақытқа созыпты.

Ол жақын арада өмірі аяқталатынын біле сала, "Бар әлемдегі мұсылмандар" қайырымдылық қорын ашып, ауру-сырқау мен жетім балаларға көмек қолын созған.
Али Банат өз қаржысына мектептер, ауруханалар мен басқа да қоғамға қажетті ғимараттар салып береді. Желі қолданушылары азаматтың кеңдігіне разылық білдіріп, оның сауығып кетуін тілеп жүрген болатын.

"Қатерлі ісік көп алдамның өмірге деген құлшынысын түсіріп, еңсесін басып тастайды. Ал Али керісінше, диагнозды естігелі, өмірге қайта келгендей болып жүр", - деп жазған оқырмандар.

Алидің өзі болса бұл ауруды "Алланың сыйы" деп қабылдап, ағзасында пайда болған әрбір өзгеріске қуанған көрінеді.

Миллионердің жерлеу рәсіміне өз таныстарынан бөлек, оны сырттай ғана білетін мыңдаған адам жиналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1736181-bar-aksasyn-kajyrymdylykka-zmsagan-millioner-zigit-kajtys-boldy/