Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шашы өсетін ең қорқынышты қуыршақ туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Жапониядағы Окику деп аталатын қуыршақ тарихы естіген адамның жанын түршіктіріп, қорқынышты күйге түсіреді. Кей мәліметтерге сәйкес, оған қыздың әруағы қонған екен. Бұл туралы lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

Бұл оқиға 1981 жылы болған. Хоккайдода тұратын кішкентай бала базардан өзінің қарындасына қуыршақ алып береді. Сыйлыққа қатты қуанған қыз оған Окику деп айт қойып, күндіз-түні жанынан тастамайтын болыпты.

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

Көп ұзамай кішкентай қыз ауырып көз жұмады. Ата-анасы оның көзі ретінде қуыршақты үйде сақтайды. Уақыт өте келе, жансыз ойыншықтың шашы өсетінін байқапты.

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

Бір қызығы, қуыршақты шашын қанша қысқартып қойса да, марқұм қыздың шашындай болып қайта өсіп шығады екен.

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

Кейінірек қыздың ата-анасы басқа қалаға көшіп кетеді. Ал қорқынышты қуыршақты Хоккайдо ғибадатханасына тастауды жөн санаған. Ойыншық әлі күнге сол орында сақталған. Шіркеу қызметкерлері оның шашын үнемі қысқартып отырады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1738432-sasy-setin-e-korkynysty-kuyrsak-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel