Польшада екібасты бұзау туылды (фото)
Опубликовано:
Польшадағы фермалардың бірінде екібасты бұзау дүниеге келді. Жергілікті мал дәрігері сиырдың туу үрдісіне қатысқан кезде малдың ішінен шыққан бұзауды көріп шошып кеткен. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Каролина Саровска қызық жануарды суретке түсіріп алып, желіде жариялап жіберген.
Сиыр өте ауыр босанды. Бірақ көп ұзамай бұзау өліп кеткен. Мал дәрігерінің айтуынша, бұл - сиырдың туған төртінші төлі және мұндай ауытқулармен туатын бұзаулар көп екен. Екінші бұзаудың іш құрылысы сыртында болып туған.

Экологиялық мамандардың айтуынша, мұндай мутациялар малға берілетін жемнің кесірінен болады. Себебі ол күнделікті табиғи қоректенуді бұзатын көрінеді.
Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1739454-polsada-ekibasty-bzau-tuyldy-foto/