Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда емханаға жете алмаған келіншек перзентхана алдында босанып қалды

Опубликовано:

3 шілдеде Бішкекте келіншек №2 перзентхана жанында босанып қалды. Перзентхана бас дәрігерінің айтуынша, толғағы қысқан жүкті әйел көрші ғимаратқа жете алмаған. Сол үшін келіншекті далада босандырып алуға тура келген деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: iz.com.ua
Көрнекі фото: iz.com.ua: UGC

Белгілі болғандай бұл уақытта перзентхана ғимараты жөндеу жұмыстарымен жабылған екен.

"Біздің перзентхана уақытша жабық. Бірақ сонда болған дәрігерлер әйелді босандыруға көмектесті. Оларды басқа бөлімшеге орналастырдық. Бала мен ананың жағдайлары жақсы", - деді Алымбаев.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1740479-kyrgyzstanda-emhanaga-zete-almagan-kelinsek-perzenthana-aldynda-bosanyp-kaldy/