Желіде отырған әйел өзінің ұятсыз фотоларын көріп, шошып кетті (фото+18)
Опубликовано:
Австралиядағы Перта қаласының тұрғыны Ноэль Мартин өзін интернеттен іздеп, сұмдық суреттерге тап болыпты. Онда эротикалық позалардағы жалаңаш әйелдер жыныстық қатынаспен айналысқан. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Менің түрімді өңдеп, төсек қатынасына түсіп жатқан әйелдің бетіне жапсырып қойған. Сондай-ақ, "мен-топас сиырмын" жазуы бар жейде киіп алған әйелдің бейнесіне де менің суретімді қойыпты. Онымен қоймай, ересектерге арналған фильмдердің мұқабасына тағы менің суретімді жариялаған", - деді Ноэль Мартин.

Мұның бәрі әйелдің 17 жасында әлеуметтік желіге салған суреттер негізінде жасалыпты. Шарасыз не істерін білмеген Ноэль полицияға шағым түсіргенде оған бірден көмектесуден бас тартқан. Құқық қорғаушыларының айтуынша, ол өзінің әр салған суретіне ие болуы керек еді.

"Мен өз суреттерімді порнографиялық сайттардан көрген кезім де болды. Тоқтаусыз жылай бергенмін", - дейді Ноэль.
23 жастағы Ноэль әлі күнге дейін сол суреттердің кесірінен зардап шегіп жүргенін жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1740616-zelide-otyrgan-jel-zini-atsyz-fotolaryn-krip-sosyp-ketti-foto18/