Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейтаныс әйелді өлтіріп, қанын ішкен ер адам көпшіліктің зәресін ұшырды

Опубликовано:

Зимбабведегі Нкаи облысында жантүршігерлік оқиға орын алды. 34 жастағы ер адам қайтыс болған әйелдің қанын ішіп жатқан жерінен ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды planetanovosti.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: planetanovosti.com
Фото: planetanovosti.com: UGC

Жергілікті тұрғын Кристофер Сибанда тапа-тал түсте медициналық бөлімшеден келе жатқан әйелге шабуыл жасап, оны бауыздап тастаған. Ол қылмыстық әрекетке Субусисиве Сигаукенің қанын ішу үшін барған көрінеді.

Сағат екілер шамасында медициналық бөлімшеден қайтып келе жатқан әйел адам Кристофердің құрбанына айналды.

Ер адам марқұм әйелдің қанын ішіп жатқан жерінен ұсталды. Оны байқаусызда көріп қалған куәгерлер уақытылы хабар беріп, полиция қолына ұстап берді.

Енді оны аса ауыр жаза күтіп тұрғаны сөзсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1740705-bejtanys-jeldi-ltirip-kanyn-isken-er-adam-kpsilikti-zresin-syrdy/