Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпбалалы ана 8 келілік алып сәбиді дүниеге әкелгеніне өзі таңырқап қалды

Опубликовано:

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Куляб қаласында салмағы сегіз келі бала дүниеге келді. Бұл ел тарихында алғаш рет болып тұрған оқиға деп хабарлайды "МИР 24" каналына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: tvoymalysh.com.ua
Фото: tvoymalysh.com.ua: UGC

Жаңадан туылған нәрестенің салмағы жеті келіден асып түседі. Өмір есігін енді ғана ашқан тәжік батырының салмағын балалар таразысымен өлшеуге келмейді.

"Сәби туылғанда оның салмағы сегіз келі болды. Төрт күн өткен соң ол 800 грамм жоғалтып алды. Анасы үшін босану үрдісі өте ауыр болды. Бастапқыда біз оған тыныс алуға көмектестік. Ал енді өз еркімен дем ала алады. Анасының жағдайы тұрақтанды", - деп айтты дәрігерлер.

Тәжірибелі дәрігерлердің мәлімдеуінше, нәресте туа біткен семіздікке шалдықпаған. Ол бар болғаны ірі. Сәби өз отбасында туылған бесінші бала болып шықты. Жаңа босанған ана ірі салмақты батырды дүниеге әкелерін ойламаған да.

"Мен ауырлықты сезіндім. Бірақ енді сегіз келілік бала босанамын деп ойламадым. Біздің тұқымымызда мұндай жағдай болмаған. Бұған дейінгі төрт балам да 3,5-4,5 келі арасында болып дүниеге келді. Сол себепті баламның денсаулығы үшін қатты алаңдадым", - деп айтты ол.

Сегіз келі болып туылған тәжік батырын Худодод деп қойған. Қазақ тіліне аударғанда оның аты "Құдайберген" деген мағынаға ие.

Қазіргі таңда баланың денсаулығын дәрігерлер жіті бақылауларында ұстауда. Худодод жағдайы тұрақталғанда ғана отбасымен қауыша алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1743788-kpbalaly-ana-8-kelilik-alyp-sbidi-dniege-kelgenine-zi-tayrkap-kaldy/

pixel