Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемге танымал шейхтердің әйелдері жайлы не білеміз?

Жарияланған күні:

Олар жайлы БАҚ өкілдері үнемі жазып тұрғанымен, олардың өмірі ертегідегідей емес секілді көрінуі мүмкін. Алайда бұл шығыстық арулар әлемнің ең беделді деген шейхтарының сүйкімді жарларына айналды. NUR.KZ порталы sncmedia.ru сайтына сілтеме жасай отырып, назарларыңызға шейхтардың сүйікті жұбайларының суреттерін ұсынады.

Comode.kz
Comode.kz: UGC

1. Рания аль-Абдулла патшайымы - Иордания патшасы Абдалла ІІ әйелі

Рания аль-Абдулла. Сурет: elle.ru
Рания аль-Абдулла. Сурет: elle.ru: UGC

Рания аль-Абдулла. Сурет: Сплетник
Рания аль-Абдулла. Сурет: Сплетник: UGC

Рания патшайымы - араб әлемінің ең танымал өкілдерінің бірі. Ол өзін заманалы араб әйелі деп есептейді: әлеуметтік желілерді белсенді қолданып, халық алдына шығады, қоғамдық өмірде де баяулық танытпайды. Рания қайырымдылық істермен айналысып, білім саласын тек өз елінде ғана емес, әлем бойынша дамытуға үлес қосып келеді.

2. Моза бинт Насер аль-Миснед - Катар эмирі, шейх Хамад бен Калиф-аль-Танидің үш әйелінің екіншісі әрі ел басшысының анасы

Моза бинт Насер аль-Миснед. Сурет: Сплетник
Моза бинт Насер аль-Миснед. Сурет: Сплетник: UGC

Моза бинт Насер аль-Миснед. Сурет: YouTube
Моза бинт Насер аль-Миснед. Сурет: YouTube: UGC

Моза шейхасы - 58 жасында жас келіншектердей көрінетін араб әлеміне танымал әйел. Шейхтың екінші әйелі бола тұра, халықтың ілтипатына бөленген келіншек. Моза шығыстық басқа арулар секілді қайырымдылықпен айналысып келді. Ол Катардың білім, ғылым және қоғамдық даму қорын басқарып, ЮНЕСКО-ның елшісі қызметін атқарады.

3. Хайя бинт аль-Хусейн - Дубай эмирі, БАӘ-нің вице-президенті әрі премьер-министрі, шейх Мұхаммедтің әйелі

Хайя бинт аль-Хусейн. Сурет: FB.ru
Хайя бинт аль-Хусейн. Сурет: FB.ru: UGC

Хайя бинт аль-Хусейн. Сурет: Day.Az
Хайя бинт аль-Хусейн. Сурет: Day.Az: UGC

Хайя - Иордания патшасы Абдалла ІІ туған әпкесі. Ол - 69 жастағы шейх Мұхаммедтің алты әйелінің ең кенжесі. Келіншек кезінде Оксфордта білім алған екен. Қазіргі таңда БҰҰ бейбітшілік елшісі қызметін атқарып, БАӘ-де қайырымдылықпен айналысып келеді.

4. Лалла Сальма - Марокко патшасы Мұхаммед VI әйелі

Лалла Сальма. Сурет: HELLO! Russia
Лалла Сальма. Сурет: HELLO! Russia: UGC

Лалла қарапайым мұғалімнің отбасында дүниеге келген. Ол Марокконың бірінші ханымы боламын деп мүлдем ойламаса керек. Болашақ күйеуін жабық кештердің бірінде кездестіріп қалыпты. Мұхаммед бірден өз әйелінің атын көпшілікке жария еткен. Сондықтан да көпшілік Лалланы патшаның ресми танылған алғашқы әйелі деп біледі.

Лалла Сальма. Сурет: bunte.de
Лалла Сальма. Сурет: bunte.de: UGC

Ханшайым үш тілде еркін сөйлеп, қайырымдылықпен айналысады. Ол Африканы қатерлік ісіктен арылту шараларына қатысатын көрінеді.

5. Дина Абдулазиз - Саудия ханзадасы Сұлтан ибн Фахд ибн Нассер ибн Абдул-Азиз аль Саудтың әйелі

Дина Абдулазиз. Сурет: Vogue
Дина Абдулазиз. Сурет: Vogue: UGC

Дина АҚШ-та есепшінің отбасында дүниеге келген. Өзінің болашақ жарымен 1996 жылы Лондонда танысыпты. Ханзада мен Динаның үш баласы бар: қызы мен егіз ұлдар.

Дина Абдулазиз. Сурет: Marie Claire
Дина Абдулазиз. Сурет: Marie Claire: UGC

Ол отбасына көңіл бөлгенімен, елінде танымал кәсіпкер әйелге айналды. Оның Эр-Рияд пен Дохада "D’NA" деген атаумен белгілі бутиктері бар.

6. Амира аль-Тавил - Саудия ханзадасы аль-Валидтің бұрынғы әйелі

Амира аль-Тавил. Сурет: Ofigenno
Амира аль-Тавил. Сурет: Ofigenno: UGC

Амира - кедейлікпен күрес, әйел құқықтарын қорғайтын қордың ақылдастар кеңесінің вице-төрайымы. Ол, сондай-ақ, жастарды жұмыспен қатму халықаралық кеңесін басқарады. Оның бұрынғы күйеуі ханзада аль-Валид кәсіпкер әрі инвестор болған. Олар осыдан екі жыл бұрын белгісіз себептермен айырылысып кетті. Бұл - Таяу Шығыстағы жоғары деңгейде болған ажырасу еді.

Амира аль-Тавил. Сурет: Dubai-Life.info
Амира аль-Тавил. Сурет: Dubai-Life.info: UGC

Қазіргі таңда Амира кәсіпкер әйелдердің ісімен айналысып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1744053-lemge-tanymal-sejhterdi-jelderi-zajly-ne-bilemiz/