Ағасынан зорланып қалған бойжеткен Түркия президентіне шағымданды
Опубликовано:
Түркияның 18 жастағы тұрғыны Бахар Догрул ағасынан зорланып қалғанын айтқан видеосын әлеуметтік желіде жариялап жіберді деп хабарлайды Ox.Az-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеода көрінгендей, бойжеткен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғаннан көмек сұраған.
"Менің есімім - Бахар Догрул. 18 жастамын. Мені туған ағатайым зорлады. Әділдіктің орнағанын, дауысымның естілгенін қалаймын", - деді ол.
Аз ғана уақыттың ішінде видеоны Түркияның танымал тұлғалары мен қарапайым тұрғындары мыңдаған рет бөліскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1744341-agasynan-zorlanyp-kalgan-bojzetken-trkia-prezidentine-sagymdandy/