Ресейде шеруге шыққан гейлерді полиция тырқыратып қуды
Опубликовано:
Санкт-Петербург қаласында 60 шақты адам лесбилер мен гейлердің құқын қорғап, бейбіт шеруге шықты. Шеруді заңсыз деп тапқан полицейлер оларды қуып жүріп қамауға алған. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер 30 шақты шеруге қатысушыны құрықтап үлгерді. Қатысушылар бір-бірінен шалғай жүруге тырысқанымен, тәртіп сақшылары бұл шеруді заңсыз деп тапқан.

Айта кетсек, 1993 жылға дейін гомосексуалдар Ресейде қылмыскерлер қатарына жатқызылып келді, ал 1993-99 жылдар аралығында бұл психикалық дерт деп саналды.

2013 жылы елде гомосексуалдарды дәріптеуге тыйым салынған.




Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1746270-resejde-seruge-sykkan-gejlerdi-policia-tyrkyratyp-kudy/