Марқұмның жерлеуіне барған тоғыз адам күтпеген жерден жан тапсырды
Опубликовано:
Перуде марқұмның жерлеуіне қатысқан тоғыз адам тіл тартпай кетті. Тағы 52 адам емханадан бір-ақ шыққан. Бұл туралы NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың бәрі жерлеудегі астан уланған болып шықты. Тамақтан улы химикаттар табылған. Министр қаза болғандардың жақындарына қайғырып, көңіл айтуда.
Қаза болғандар - 12-78 жастағы марқұмның жақындары. Тағы 52 адам емханаға жеткізілген. Олардың кейбірі ауыр халде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1746595-markmny-zerleuine-bargan-togyz-adam-ktpegen-zerden-zan-tapsyrdy/