Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Телефонмен сөйлесіп тұрған ер адам найзағайдан көз жұмды

Опубликовано:

Қырғызстанда телефонмен сөйлесіп тұрған азаматқа найзағай түсіп, мерт қылған деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото : © AFP 2018 / VYACHESLAV OSELEDKO
Фото : © AFP 2018 / VYACHESLAV OSELEDKO: UGC

Джалал-Абад облысының Жаны-жол ауылында 38 жастағы азамат найзағай жарқылынан көз жұмды.

Оқиға 12 тамыз күні сағат 9:00- де болған.

Марқұмның ағасы Ашымбай Кубатбековтың айтуынша, азамат отбасымен шөп жинауға барған екен. Жаңбыр жауғанда, ол ағаштың астына тығылып тұрыпты.

"Ағаш астында телефонмен сөйлесіп тұрған кезінде оған найғазай ұрып, мерт болған. Ағашқа жақын келген балалары оның денесі мен жерде жатқан найзағай іздерін байқапты", - деді ағасы.

Азаматтың артында бес қызы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1747153-telefonmen-sjlesip-trgan-er-adam-najzagajdan-kz-zmdy/