Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп Қытайды жан-жақтан қыспаққа алатын заңға қол қойды

Опубликовано:

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Сенат пен Өкілдер палатасы қабылдаған «2019 жылға арналған қаржы және қорғаныс құқығын қорғау туралы» заңға қол қойды. Бұл құжатта АҚШ-Қытай қатынасына қатысты бірқатар мазмұндар бар деп жазады QazaqTimes сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Трамп Қытайды жан-жақтан қыспаққа алатын заңға қол қойды
Фото: QazaqTimes.kz: UGC

Жобада Құрама Штаттар мен Тайуан (Тайвань) арасындағы қорғаныс ынтымақтастығын нығайту, Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери әрекеттерін тежеу, Тайуанға қаратқан әскери оқу-жаттығуларына тыйым салу қатарлы мазмұндар кірістірілген.

Бұлардан тыс заң жобасы шетелдік инвесторларды, инвестиция ағымын бақылауды күшейте түспек.

АҚШ-тың «2019 жылға арналған қаржы және қорғаныс құқығын қорғау туралы» заңына сәйкес, Трамп үкіметі кешенді жобаларды жүзеге асыруға бастамашы болуы тиіс.

Ал, Қытай ісі жөнінде Қытайдың өнеркәсіптік саясаты, саяси ықпалы, аймақтық және жаһандық әскери әлеуеті сияқты көптеген салаларда қадағалаушылық етіп, тежеу, қарсы тұру шаралары арқылы АҚШ мүдделерін қорғау сынды міндеттері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1747766-tramp-kytajdy-zan-zaktan-kyspakka-alatyn-zaga-kol-kojdy/

pixel