Тоқтаусыз үрген Путиннің қабаған иті жапондардың үрейін ұшырды (видео)
Опубликовано:
Ресей президенті Владимир Путин жапониялық БАҚ өкілдерімен кездесуге қабаған итін алып келді. Ал басшының Юмэ атты төбеті жапондарға үріп тастады деп хабарлайды dni.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Бұл итті Путинге 2012 жылы перфектура губернаторы Акита Норихиса Сатакэ сыйлапты. Юмэ акита-ину пародасына жататын төбет болып табылады екен.
Ал кездесуге келген жапониялықтар бұл итті көреміз деп ойламаған көрінеді.
"Әрине, ол қабаған ит болған соң қорқу керек. Ол күзет қызметін де атқарады" , - деді Путин өз сөзінде.
Журналистер иттен бекерден бекер үрейленбеген екен. Себебі, кездесу барысында саясаттан хабары жоқ ит жапониялықтарға себепсіз және тоқтаусыз үріп тастапты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1748653-toktausyz-rgen-putinni-kabagan-iti-zapondardy-rejin-syrdy-video/