Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкек ана кішкентай нәрестесін қорапқа салып, көше бойына тастап кетті (фото)

Опубликовано:

Қытайдың Хэчи қаласында кішкентай нәрестені көкек анасы қорапқа салып, көше бойына тастап кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нәресте. Фото: 120.su
Нәресте. Фото: 120.su: UGC

Оқиға куәгерлері қораптан нәрестенің жылаған дауысын естіп, көмекке асығады. Анасы баласын көрпеге орап, қасына бір шөлмек сүт пен хат қалдырып кетіпті.

Нәресте. Фото: 120.su
Нәресте. Фото: 120.su: UGC

Хатта нәрестенің төртінші тамыз күні дүниеге келгені жазылған. Куәгерлердің бірі шырылдап жылаған сәбиді полицейлер келгенше жұбатуға тырысты.

Нәресте. Фото: 120.su
Нәресте. Фото: 120.su: UGC

Полицейлер баланың ата-анасын іздестіруде. Олар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Нәресте. Фото: 120.su
Нәресте. Фото: 120.su: UGC

Қораптан табылған қыз баланың денсаулығы жақсы. Оны асырап алуға бірнеше отбасы ниет білдіріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1748703-kkek-ana-kiskentaj-nrestesin-korapka-salyp-kse-bojyna-tastap-ketti-foto/

pixel