Кеншілер 255 келі алтынды кездейсоқ тауып алды (фото)
Опубликовано:
Батыс Австралиядағы никель шахталарының бірінде жұмысшылар алтынның ірі кен орнын тауып алған. Олар төрт күн ішінде жер астынан 255 келі бағалы зат қазған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.
Кеншілер тапқан алтын құны қазіргі нарықта 10 миллион АҚШ долларынан асатын көрінеді. Жұмысшылар бағалы металлды көргенде өте қатты таңғалғандарын айтады. Әсіресе, таза алтындардың көлемін көргенде талып түсе жаздадық дейді. Олардың бір данасы шамамен 90 келіге жуықтайды екен.
Енді кеніш иесі Марк Селби алтынныңң ірі бөлшектерін аукционға қоятынын мәлім етті. Оған қоса шахтаның тағы да ғажайыптар шығаратынына сенім білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1752086-kensiler-255-keli-altyndy-kezdejsok-tauyp-aldy-foto/