Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еден жуушы қоқыс жәшігінен 5,4 мың доллар тауып алды

Опубликовано:

Уборщица моет пол
Иллюстративное фото: gettyimages.com / kzenon

Минскде гараж кооперативінде еден жуушы болып жұмыс істейтін әйел қоқыстан 5,4 мың доллар тауып алған деп хабарлайды БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Малиновка" деп аталатын гараж кооперативін тазалап жүріп әйел адам қоқыс жәшігінен бір бума ақша тауып алады. Ол бірден гараж қожайындарынан "араларында ақша жоғалатқан адам бар ма деп" сұрай бастайды.

Алайда ешкімнің қомақты қаржы жоғалтпағанын біліп, полицияға барады. Ол құзырлы органнан қыруар қаржының иесін тауып, ақшасын өзіне қайтаруын сұрайды.

Нәзік жандының сөзінше, қомақты ақшаны өзіне алып қалу деген тіпті ойына келмеген.

Қазір құзырлы орган өкілдері қаржының иесін табу үшін тексеріс жұмыстарын бастап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1758735-eden-zuusy-kokys-zsiginen-54-my-dollar-tauyp-aldy/

pixel