Оқушы маңдайына "жынды" деп жазған мұғалімнің бетін тырнап алды

Опубликовано:

Қарақалпақстандағы ауыл мектептерінің бірінде тарих пәнінің мұғалімі Бекмамат Нурметов ереже бұзған оқушының маңдайына "жынды" деп жазып берген. Ал оқушы қарап тұрмай ұстазының бетін тырнап алыпты деп хабарлайды centralasian.org.

Көрнекі фото: dailyhype.ru
Көрнекі фото: dailyhype.ru: UGC

Жәбірленген оқушының сыныптастары оның бар болғаны парта бетін сырып жібергенін айтуда. Ал ұстаз болса, өзінің қатал жазасын барлық балаларға қолданып үйреніп қалған көрінеді. Баланы бәрінің көзінше соққыға жығып, бетіне "жынды" деп жазбақ болған.

Алайда ағайының "мазағына" шыдап тұра алмаған тоғызыншы сынып оқушысы оның бетін тырнап алады.

Осыдан кейін оқушының ата-анасы сотқа арызданып, Бекмамат Нурметов әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мұғалім 344 480 сум (шамамен 40 доллар) айыппұл төлеп, жазадан жеңіл құтылыпты. Қазір ол мектептегі жұмысын бұрынғысынша жалғастыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1759375-okusy-madajyna-zyndy-dep-zazgan-mgalimni-betin-tyrnap-aldy/